Сығыр көз, қоңқақ мұрын. Литвалық мүсінші Путиннің мүсінін жасады

418
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/l0is6hChu0ZxDMLJzrDo0aKmCPXqduaPyZFOjM8w.webp

Литвалық суретші әрі мүсінші Мартинас Гаубас Каунаста Владимир Путиннің провокациялық мүсінін таныстырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі LRT-ға сілтеме жасап.

«Соғыс жақында аяқталады деп ойлағанмын. Осы үш жыл ішінде ештеңе өзгермегенін көргенде, Рождество кезінде жұмысты соғыстың үшінші жылдығына орай аяқтауым керек деп шештім», — деді ол.

Гаубастың айтуынша, мүсіндегі құлақ пен көз әдейі пропорционалды түрде өте кішкентай етіп бейнеленген. Бұл Путиннің ештеңені көрмей, естімей отырғанын білдіреді. Ал мұрны шамадан тыс ұзын етіп жасалған, бұл оның «араласпау керек жерге араласуын» символдайды. Суретші мүсінді жасауда қолданған символиканың барлығы оңай түсініледі деп санайды.

Гаубас мүсінді Литваның өзге қалаларында да көрсету жоспарланып отырғанын жеткізді.

评论