Ішкі істер министрлігінің орынбасары Санжар Әділов Атырау облысында ерлі-зайыптыларды өлтіру ісі бойынша мәлімет берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Оның айтуынша, күдіктілер Индонезияда ұсталған.
«Қазақстан полициясы Интерполмен және Индонезия полициясымен бірлесіп үлкен жұмыс атқарды. Қазіргі таңда күдіктілер Индонезияда ұсталды. Жақын арада олар Қазақстанға жеткізіледі. Күдіктілерді елге қайтару және келтіру мәселесі қазір шешілуде», — деді Әділов.
Ол күдіктілер қатарында отбасының кіші қызы Ақбаян Мұқанғалиева да бар екенін айтты.
«Екі адам іздестіріліп жатыр. Атырау облысында арнайы тергеу-оперативтік топ жұмыс істеп жатыр»,- министрдің орынбасары.
Еске салайық, 2025 жылдың 25 желтоқсанында Атырау облысы полициясы іс-түссіз жоғалған бір отбасының 4 адамына іздеу жариялаған болатын. Кейін полиция олардан бөлек осы отбасының қызы мен күйеу баласы да жоғалғанын мәлімдеді. Іздеу жұмыстары барысында ерлі-зайыпты Максот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиева өлі табылды.