Жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы. Күдікке ілінген күйеу баласы мен қызы Индонезияда қолға түсті

136
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1htA3dploEjd1soVVPAGWluHssvtO2ZKovedBbnY.webp

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Атырау облысында тіркелген аса ауыр қылмыс бойынша күдіктінің шетелде ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресми ақпаратқа сәйкес, күдікті Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару елді мекенінде халықаралық әріптестермен бірлескен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде анықталып, ұсталған. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.

Сондай-ақ, аталған тұлғамен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен ретінде халықаралық іздеуде болған әйелдің жүрген жері анықталған. Полиция дерегінше, ол қаза тапқандардың бірінің қызы болып шықты. Қалған екі балаға іздеу жарияланған.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2025 жылдың қараша айында күдікті пайдакүнемдік ниетпен және тұрмыстық жанжалдар негізінде екі адамды қасақана өлтірген. Қылмысты жасыру мақсатында мәйіттерді шаруашылық нысанының астына жасырған, сондай-ақ дәлелдемелерді жоюға әрекет жасаған және жәбірленушілердің мүлкін иемденген.

Қазіргі уақытта күдіктіні Қазақстанға қайтару мәселесі қаралуда.

评论