Қазақстан Үкіметі "Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты" АҚ-ға 1,1 млрд теңге бөлуді мақұлдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл шешім Президенттің Каспийді зерделеу, сақтау және өңірдің экологиялық тұрақтылығын қолдау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында қабылданды.
Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған. Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған. Бөлінген қаражатқа теңізде мониторинг жүргізу үшін негізгі жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыру жоспарланған.
Қаулыны іске асыру үшін экология және табиғи ресурстар министрлігі барлық қажетті шараларды қабылдайды, ал қаржы министрлігі бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қатаң бақылауға алады.