Он бес адам қаза тапқан. Әскери тікұшақ апатқа ұшырады

102
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/edK2dsnNwKSFY5LIxwFMTtBL8a5586bDjwaAwhXL.jpg

Перудің оңтүстігінде әскери Ми-17 тікұшағы құлап, кемінде 15 адам мерт болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТАСС агенттігіне сілтеп.

Ресми мәліметке сәйкес, апатқа ұшыраған әуе кемесі Перудің Арекипа өңірінде табылған. Тікұшақ Чала-Вьехо елді мекені маңынан, Каравели провинциясына қарасты Чала округі аумағында анықталған.

Әскери әуе күштері мен Ұлттық полицияның бірлескен іздестіру жұмыстары барысында радиобайланысы үзілген тікұшақтың орны 22 ақпан күні табылған. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен соң, 4 экипаж мүшесі мен 11 жолаушының, оның ішінде балалардың қаза болғанын растады.

Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ табиғи апат салдарынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету үшін бағыт алған. Атап айтқанда, Арекипа өңірінде су тасқыны, өзендердің арнасынан асуы және өзге де төтенше жағдайлар тіркелген. Әуе кемесі гуманитарлық көмек жеткізіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге тиіс болған.

Қазіргі уақытта апаттың нақты себептері анықталып жатыр.

评论