Алматы тауларында қар астында қалған туристің денесі табылды. Бұл туралы ТЖМ жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қайғылы оқиға 22 қаңтарда Медеу ауданының Титов асуында 3400 метр биіктікте болған. Министрлік мәліметінше, 4 адамнан тұратын екі турист қар астында калып қойған. Олардың біреуі өз күшімен шыға алған.
«Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің құтқарушылары, «Барыс» РММ қызметкерлері, кинологиялық жасақ пен еріктілер дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару операциясы барысында ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қардың астынан қаза тапқан адамның денесі шығарылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеді»,-делінген хабарламада.