Қазақстандық файтер Әліби Ыдырыс (10-1) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы Sports.kz сайты жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Әліби Ыдырыс UFC-дегі дебюттік жекпе-жегіне АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында өткен Fight Night 267 турнирінде шығып, америкалық Оди Осборнмен (13-9) кездесті. Ең жеңіл салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Ә.Ыдырыс жеңіске жетті.
Осылайша қазақстандық спортшы кәсіби мансабындағы он бірінші жеңісін тіркеп, UFC-де алғашқы қадамын сәтті жасады. Оның қарсыласы Оди Осборн кәсіби ММА-дағы оныншы жеңілісіне ұшырады.
Еске салсақ, бұған дейінгі жекпе-жегінде Ыдырыс та UFC турнирінде өнер көрсеткен, алайда ол кезде жекпе-жекте тек промоушенмен келісімшарт ұтысқа тігілген болатын. Кейін Әліби UFC-мен төрт жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды.