Шығыс Қазақстан облысында жол қызметкері қаза тапты

95
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ip80xFWS1RcCJ8GlcvaCNpdvyFLPTC8fo45Ms5pQ.jpg

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Солтүстік ауылында қайғылы оқиға орын алып, «Қазсервис» ЖШС облыстық филиалының жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Оқиға жолды қардан тазарту жұмыстары аяқталғаннан кейін болған. Салдарынан техниканы тазалау кезінде қызметкер ауыр жарақат алып, қайтыс болған.

Қаза тапқан азамат 25 жыл бойы осы салада еңбек еткен. Қайғылы оқиға болған №30 жол пайдалану учаскесі Өскемен – Алтай – Рахман қайнары республикалық маңызы бар автожолының күрделі бөліктерінің біріне қызмет көрсетеді. Бұған дейін қолайсыз ауа райына байланысты бұл бағытта қозғалыс уақытша шектеліп, кейін жағдай тұрақтанған соң қайта ашылған.

Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс басталды. Арнайы комиссия құрылып, оқиғаның себептері мен мән-жайы жан-жақты зерттеліп жатыр. 

Марқұмның отбасысына қажетті көмек көрсетілетіні айтылды. 

评论