Жаңа Конституция жобасына арналған марафон өтеді

140
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Sl610qpDpEnOKg3jo9RK38t3NgNmR11KaswaeJVK.webp

Қазақстанда жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ауқымды ақпараттық марафон өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Аталған іс-шара жаңа Конституция жобасын жан-жақты түсіндіруге бағытталған ашық ақпараттық алаң болмақ. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, марафон 6 сағатқа созылады.

Басталуы сағат 12:00-ге жоспарланған.

Шара барысында 100-ге жуық сарапшы, заңгерлер, қоғам белсенділері мен мемлекет қайраткерлері сөз сөйлеп, ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар төңірегінде пікір білдіреді. Қатысушылар жаңа нормалардың маңызы, олардың елдің саяси және құқықтық жүйесіне ықпалы туралы талқылайды.

Сонымен қатар марафон республикалық телеарналар арқылы, сондай-ақ интернет-порталдардың YouTube және Facebook желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат халыққа Конституция жобасындағы өзгерістерді кеңінен түсіндіруге және ашық пікір алмасуға мүмкіндік береді.

评论
其他材料