Экс-банкир Ертаев колонияға қайта жіберілді. Ол бұл шешімге шағымдана алмайды

119
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3W3fcnvbgEzkukhhfRMytZhhXFP6lTnJHoI6Hrwv.webp

Сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев амнистия бойынша босатуды жойған апелляциялық инстанция қаулысына шағымдана алмайды. Бұл туралы Жоғарғы сот мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Жоғарғы соттың түсіндіруінше, апелляциялық қаулы Қылмыстық-процестік кодекстің 484-бабының 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес қайта қарауға жатпайды. Сондай-ақ Ертаевтан мерзімінен бұрын босату туралы өтініш сотқа түспеген.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті оның сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқанын ғана растады. Жазаны өтеу орны туралы ақпарат жақын туыстарына хабарланатыны айтылды.

Еске салсақ, 2020 жылдың қарашасында Ертаев Bank RBK-тен 144 млрд теңге жымқырғаны үшін 11 жылға сотталған. Кейін тағы бір іс бойынша Qazaq Banki және Еуразиялық банк қаржысын жымқырғаны үшін қосымша үкім шыққан. 2021 жылы алғашқы іс бойынша жаза мерзімі 9 жылға қысқартылған.

2025 жылдың қыркүйегінде Ертаев Конституцияның 30 жылдығына байланысты амнистиямен босатылған еді. Алайда кейін апелляциялық сот бірінші инстанция жіберген қателіктерді анықтап, амнистияны жою туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде Алматы облыстық соты хабарлаған.

Нәтижесінде амнистия қолдану туралы өтініш қанағаттандырылмай, Ертаев қайтадан қамауда қалды.

评论