Бұрынғы вице-премьердің ұлы. Қырғызстанда Жоғары кеңестің төрағасы сайланды

219
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wtm6A9SQT68CEyuIux8rJic9KZ7Ehqw4N6Xbipun.jpg

Қырғызстанда 12 ақпан күні Жоғары Кеңестің жаңа төрағасы ретінде депутат Марлен Маматалиев сайланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ферғанаға сілтеп.

Бюллетеньдер арқылы жасалған жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Жоғары Кеңестің жаңа төрағасы ретінде депутат Марлен Маматалиев сайланды.

Оның кандидатурасын 77 әріптесі қолдаған.

Төраға лауазымына Маматалиевті «Ата-Жұрт», «Ала-Тоо», «Элдик», «Мекенчил» және «Әділет Қырғызстан» фракцияларын ұсынған депутаттар тобы кандидат еткен. Құжаттарды қарау Жоғары Кеңес тің барлық мүшелерінің комитеті отырысында, Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым және ережелер комитетінің төрағасы Құманкүл Зулушевтің басшылығымен өтті. Дауыс беру нәтижесінде көпшілік депутаттар Маматалиевті төраға етіп сайлады, Ал төраға ретінде сайлануына бес адам қарсы шыққан.

44 жастағы Марлен Маматалиев Исхак Раззаков атындағы Қырғыз техникалық университетінің ақпараттық технологиялар факультетін бітірген. Ол – бұрынғы вице-премьер Әбдірахман Маматалиевтің ұлы.

Ол 2020 жылғы даулы парламенттік сайлауда үкіметті жақтайтын «Мекенім Қырғызстан» партиясынан үміткер болды. 2021 жылы Маматалиев парламенттік сайлауда «Ынтымақ» партиясын басқарып, парламентке өтті.

Айта кетейік, Қырғызстан парламентінің спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлы бейсенбі күні өткен отырыста отставкаға кететінін мәлімдеді.

评论