Жаңа Конституцияға қатысты не белгілі?

174
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Sl610qpDpEnOKg3jo9RK38t3NgNmR11KaswaeJVK.webp
Жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Сол күннен бастап бұрынғы Конституция күшін жояды.
Парламент пен Құрылтай сайлауы 1995 жылғы Конституцияға сәйкес сайланған Парламент өз өкілеттігін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтатқан соң өткізіледі.
Конституция күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде Президент Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс. Сайлау екі ай ішінде өткізілуі керек.
Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде Президент вице-президентті тағайындайды. Сол мерзімде Конституциялық Сот төрағасы мен судьялары, Орталық сайлау комиссиясы және Жоғары аудиторлық палатаның төрағалары тағайындалады.
Қазіргі Конституциялық Сот төрағасы мен судьялары, Орталық сайлау комиссиясы және Жоғары аудиторлық палатаның төрағалары жаңа құрам құрылмайынша өз өкілеттігін сақтайды.
Жоғарғы Сот төрағасы, Ұлттық банк төрағасы, Бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Жоғары сот кеңесінің төрағасы және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституция күшіне енгеннен кейін екі ай ішінде тағайындалады.
Жергілікті соттар, мәслихат депутаттары және өзге де лауазымды тұлғалар жаңа Конституция мен заңдарда көзделген тәртіп бойынша өз өкілеттігін сақтайды.
评论