Бұл жағдай Қазақстан басшылығын қатты алаңдатуы керек

217
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BZF9FmLaE7SdhKmvHw6gf9N0vAbJIt4IFdcoyBqU.jpg

Қаңтарда Gallup америкалық қоғамдық пікірді зерттеу ұйымы 25 елдің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының Ресей мен Украина басшылығына көзқарасы туралы сауалнама нәтижесін жариялады.

Деректерге сәйкес, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 30 пайызы Ресей басшылығын толық қолдайды екен де тек 20 пайызы ғана Украина басшылығын қолдайды.

Бұл теңгерімсіздіктің басты себебі – Қазақстандағы барлық кабельдік желілерде ондаған ресейлік телекомпания жұмыс істейді, олар қазақстандықтардың миын тәулік бойы жуып-шайып тастаған. Сондай жағдайда Қазақстанның кабельдік желілерінде бірде-бір украиндық телеарна көрсетілмейді.

Шын мәнінде, «Путинді қолдайтындардың» 30 пайызы – Ресейдің Қазақстанға шабуылы болған жағдайда ресейлік танктерді гүлдермен, нан-тұзбен қарсы алуға шығатын «даяшылар». Менің ойымша, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздікке қатысты болғандықтан, Қазақстан басшылығын қатты алаңдатуы керек.

Қазақстандықтарды – Путиннің боданына, ал Қазақстанды іс жүзінде Ресей губерниясына айналдырып жатқан ресейлік үгіт-насихат ағынын дереу тоқтату керек.

Ибраш Нүсіпбаев

 

 

 

 

评论