Биотехнологиялық зертханада жарылыс болып, 5 адам қаза тапты

175
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/r7jLe6IKMDwIr2189vjv5L8TjMNmHnDaE4B2hHtY.jpg

Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында биотехнологиялық компанияның шеберханасында болған жарылыс болды. Салдарынан 5 адам қаза тапты. Бұл туралы Анадолы жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Жарылыстың себебі әзірге белгісіз, тергеу жүргізіліп жатыр.

Ақпаратқа сәйкес, жарылыс таңертең Шуоцзоу қаласына қарасты Шаньинь уезінде орналасқан Jiapeng компаниясының шеберханасында болған.

Іздеу-құтқару топтары жарылыс кезінде шеберханада жұмыс істеп жүрген бес адамның мәйітін тапты.

Жарылыстың нақты себебі әлі анықталған жоқ, оқиға бойынша тергеу басталды.

Қытайда өндірістік және қойма нысандарында инфрақұрылымның тозуы немесе қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігі салдарынан кейде адам өліміне әкелетін апат болып тұрады.

Соңғы рет 18 қаңтарда Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы Баотоу қаласында Baogang United Steel мемлекеттік компаниясына тиесілі зауытта болған жарылыс нәтижесінде 10 жұмысшы қаза тапқан еді.

 

评论