АҚШ пен Иран Оманда келіссөз өткізбек

512
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/m77WCYzmiH1Bp9HSRNenA8OM45Ez1EjJIbP0M9vT.jpg

Ертең, 6 ақпанда АҚШ пен Иран Оманда ядролық бағдарлама бойынша келіссөз өткізеді. Бұл туралы ИСНА агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Кеңесулер нәтижесінде келіссөздер Оманда өтеді деп шешілді. Келісімге сәйкес, кездесулер жұма күні ұйымдастырылады»,-делінген хабарламада.

Келіссөздердің форматы алдыңғы раундтардағыдай болмақ. Иран делегациясын елдің сыртқы істер министрі Аббас Аракчи басқарады, оған жоғары лауазымды дипломандар қосылады. АҚШ тарапынан кездесуге президенттің арнайы өкілі Стив Уиткофф қатыспақ. Сонымен қатар Иран делегациясында АҚШ президентінің құдасы Джаред Кушнердің де болу мүмкін.

«Келіссөздердің негізгі тақырыптары ретінде баллистикалық ракеталардың қашықтығы, Иранның Таяу Шығыстағы террористік ұйымдарды қолдауы, ядролық бағдарлама және Иран билігінің өз халқы алдындағы қатынасы қарастырылмақ»,-делінген хабарламада.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бастапқыда келіссөздерді Түркияда бірнеше серіктес елдің қатысуымен өткізуді жоспарлағандарын жеткізген еді, бірақ кейін Иран тарапы қарсылық танытқан.

Еске салайық, өткен жылы Уиткофф пен Аракчи Оманда бірнеше раунд жанама келіссөздер өткізген, алайда Иранға қарсы Израиль мен АҚШ-тың әскери операциясынан кейін кездесулер тоқтатылған.

 

相关新闻

评论
相关新闻