Ернар Айдар жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

88
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3BdLjr4J4MYUHzs1iaDW6Uc4jzqQK6J3ZXZpiAyH.webp

Әнші Ернар Айдарға жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды “Адырна”.

Әлеуметтік желіде әнші Ернар Айдардың көлігімен Таразда жолдың дәл ортасында тұрған видеосы жарияланды. Желі қолданушыларының наразылығынан кейін полиция видеоға реакция білдірді.

Видеода Ернар Айдар жолдың дәл ортасында тұрып жаңа сатып алған көлігін көрсетеді. Жамбыл облысы полиция департаментінің атап өтуінше, жол талғамайтын көлік жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған. Заң бұзушылық бейнеленген видео ашық дереккөздерде жарияланып, қоғамда үлкен талқылау тудырды.

«А. есімді азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірден үш бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік құралын тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзғаны, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамағаны, сондай-ақ жолды белгіленбеген жерден өткені үшін құқық бұзушыға айыппұл салынды», – деп хабарлады полициядан.

Әншіге айыппұл салынды. 

评论