Таудың ілбісі қорадағы малға шапты

259
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OtYTHfC2GOfXit6k6HMPV6Bw0qYY6vliefWR50Dl.avif

Қырғызстанның Ыстықкөл облысы, Жеті-Өгіз ауданында қар барысы қорадағы малға шабуыл жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға Ақ-Шыйрақ ауылында тіркелген.

Ауыл әкімі Марс Берікбаевтың мәлімдеуінше, оқиға 29 қаңтар күні Үш-Кошкон елді мекеніне жақын орналасқан Қара-Тай жайлауында болған. Жабайы жыртқыш жергілікті тұрғын Ұлан Бақытұлына тиесілі қораға кіріп, бір ешкіге шабуыл жасап, жануардың денесінде тіс іздерін қалдырған.

Қора иесі қол шамының көмегімен қар барысын үркіткеннен кейін жыртқыш оқиға орнынан қашып кеткен. Адамдар зардап шеккен жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін 25 қаңтар күні Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында қар барысы турист әйелге шабуыл жасаған еді. 

评论