Оқу орнында қызылша ауруы тарады

125
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UDXjR9T0UoL98ubO8ZjGmPslUNTE44IObyNy4njO.webp

Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде білім алушылар арасында қызылша ауруы анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы колледждің баспасөз қызметі хабарлады.

Кадеттер каникулдан оралғаннан кейін кейбірінде жұқпалы ауру белгілері байқалған. Колледж мамандары инфекция сырттан әкелінген болуы мүмкін деп отыр.

Қазіргі уақытта 66 кадет медициналық бақылауда, оның ішінде екі науқаста ауру асқынумен өтуде. Барлығы мамандандырылған көмек алып жатыр, жағдайлары тұрақты, оң динамика байқалады.

Байланыста болған адамдар анықталып, оқшауланған. Инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында колледжде карантин енгізілді. Сонымен қатар медициналық және санитариялық бақылау күшейтіліп, жеке құрамның денсаулығы тұрақты мониторингте.

Жағдай қорғаныс министрлігі мен денсаулық сақтау органдарының тұрақты бақылауында.

评论