Министрлік Теңіздегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

466
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mtYSp5uze8fn8noGeSxX4Mwfi6F1FbJUi2ZRrRuK.jpg

Энергетика министрлігі «Теңізшевройл» өндірістік нысандарындағы қазіргі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министр Ерлан Ақкенженовтың тапсырмасымен энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Теңіз кен орнына барған.

«Жағдайды бақылауда ұстау және оператормен өзара іс-қимылды үйлестіру жұмыстары жүргізілуде. 18 қаңтарда болған технологиялық бұзушылықты (газ турбиналық қондырғыларының өшуі) толық анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, жұмысқа кірісті»,-делінген хабарламада.

Комиссия құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаменті, Атырау облысы әкімдігінің энергетика басқармасы, «KEGOC» және «Теңізшевройл» өкілдері кірген.

Мұнай өндіруді уақытша тоқтату оператор тарапынан персоналды және жабдықты қорғау мақсатында қауіпсіздік протоколдарына сәйкес қабылданған.

Қазіргі уақытта комиссия болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі техникалық талдауда.

«Барлық ресми қорытынды мен пікірлер тек комиссия жұмысының нәтижесі бойынша жарияланады. Жағдай Энергетика министрлігінің бақылауында»,-деп қосты министрлік.

Бұған дейін "Теңізшевройл" Теңізде электр генераторларында екі өрттің болғанын айтқан еді.

评论