Конституциялық комиссия құру. Тоқаев арнайы жарлыққа қол қойды

567
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0NmK5OmJiz9BLgCLgUfvRxwuCHhahngg5MQSWadj.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы бүгін, 21 қаңтарда Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Конституциялық реформа бойынша ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында қаулы етемін:

1. Конституциялық реформа жөніндегі комиссия (Конституциялық комиссия) (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Комиссия туралы ереже;

2) Комиссияның құрамы бекітілсін.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі»,-делінген хабарламада.

Президент Ұлттық құрылтайдың V отырысында комиссияға Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік ететінін мәлімдеген еді. 

 

评论