Қытай Айдағы уақытты дәл есептейтін технология ойлап тапты

161
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/eUDDrWAiWuGAV4KkzRBqYeu50045OiAsMTDNVCca.jpg

Қытайда әлемдегі алғашқы LTE440 (Lunar Time Ephemeris) бағдарламалық жасақтамасын әзірленді. Ол Айдағы уақытты дәл есептеуге және оны Жер уақытымен синхрондауға арналған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Бұл технология ғаламдық Ай жарысы қарқынды дамып жатқан жағдайда спутниктегі навигацияны дәлірек жүргізуге көмектеспек.

Зерттеушілер бұл модельді дайын бағдарламалық өнім ретінде жасап шығарған. Ол күрделі есептеулерге сүйенбей-ақ бір қадамда Ай уақыты мен Жер уақытын салыстыруға мүмкіндік береді. Гарвард университетінің астрономы Джонатан Макдауэллдің айтуынша, Ай уақыты мен Жер уақытын синхрондау инженерлік тұрғыдан нақты қажеттілікке айналған. Тіпті микросекундтық айырмашылықтар да навигациялық жүйелерге айтарлықтай әсер етіп, есептеулерде қателік тудыруы мүмкін.

Ғалымдар бұған дейін Ай мен Жер уақытындағы айырмашылық маңызды болмағанын атап өтті. Айтуларынша, спутник миссиялары аз болған.

«Алдағы уақытта Айда адам қатысатын экспедициялар мен ғарыш аппараттарының саны арта түседі. Сондықтан LTE440 бағдарламасы аса қажет»,- деп түсіндірді жобаны әзірлеушілер.

 

评论