Magnum-дағы нәжіс. Желіде бейне тарады

170
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dzfsYi3r46TBJfbhNG3TmSX4hkkvuH23v0U05iw0.jpg

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі Magnum дүкеніне кірген сатып алушы түсірген видео тарады. Видеода үй жануарының нәжісі контейнердегі күрішпен араласқаны түсірілген, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға Володарский көшесіндегі сауда нүктесінде болған.

Компания дүкен қызметкерлері тауар қабылдаған кезде екі мысық абайсызда түсіру аймағынан залға кіріп кеткені айтылған.Ал контейнерлердің бірі ашық қалып, жануар сол контейнерге секіргені камера жазбаларынан көрінгені хабарланды. 

Magnum қызметкерлері бұзылған өнім мен контейнерді дереу сөреден алып, ғимаратта санитарлық тазалау жүргізгенін және қалған тауарларды тексергенін мәлімдеді. 

评论