"Бізде бәрі қарастырылған". Президент Венесуэла оқиғасына қатысты пікір білдірді

358
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZIGdSmwz9qJtxSFnZq5bBFQOgWRXWSnBL2DyV5LS.jpg

Беларусь президенті Александр Лукашенко Минскіде Венесуэладағы жағдайға пікір білдіріп, АҚШ тарапынан елдің президентін күштеп әкетуде туындаған оқиғаларға тоқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы БЕЛТА-ға сілтеп.

Лукашенконың айтуынша, Беларусьте мұндай сценарийдің қайталануы мүмкін емес. Ол өткен жылы өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысын еске салды.

«Өткен жылы Қауіпсіздік кеңесінде “егер президент болмай қалса не болады?” деген жағдайға байланысты рөлдерді бөліп қойғанбыз. Бүгін қарасақ, дәл тапқандаймыз. Сондықтан Венесуэла нұсқасы Беларусьте нереал. Тіпті ондай жағдай бола қалса да, бізде бәрі алдын ала қарастырылған», – деді ол.

Беларусь басшысы Венесуэладағы оқиғаларда келісім мен сатқындық болғанын атап өтті. 

«Америкалықтар қалағанының бәрін президентті күштеп әкетпей-ақ жасауға болатын еді», – деді Лукашенко.

Сонымен қатар ол қоғам мен билік элитасының жауапкершілігін ерекше атап өтті.

«Бұған жол бермеу үшін әрқайсымыз өз орнымызды біліп, қолдан келгеннің бәрін істеуіміз керек. Қандай диктатура немесе авторитаризм болмасын, әр адамды мәжбүрлеу мүмкін емес. Сондықтан біз бұл алай-дүлей әлемде алда жүруге мәжбүрміз. Егер мұны түсінсек, бәрі дұрыс болады», – деп түйіндеді Беларусь Президенті.

相关新闻

评论
相关新闻