"Білім алу - харам". Он үш жастағы қызды күштеп тұрмысқа берген

234
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/b0I2a5L4Bnu6ItDDZVUp58ai4B9hSGpJ91eLu0Gg.jpg

Журналист Руслан Өтепбай тәуелсіз бағдарламасында жасөспірім қыздың тағдырын баяндады. Оның айтуынша, Фатима есімді қыз 13 жасында өгей әкесі тарапынан тұрмысқа берілген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Журналист жеке ютуб арнасында отбасы туралы бейне жариялаған.  

"Таныс болыңыздар! Бұл қыздың есімі- Фатима. Айтуынша, өгей әкесі оны 13-жасында 30 жасар жігітке тұрмысқа берген. Небәрі үш сыныптық білімі бар. Бұл отбасыда балалар мектепке уақытылы бармаған. Себебі әкелері бір партада ұл мен қыздың отыруын «харам» деп қабылдап, қыздарын мектепке бермеген", - деп хабарлады Руслан Өтепбай.

Фатима есімді кейіпкер екінші рет тұрмыс құрғанын хабарлаған. Көршісінің айтуынша, қызды тұрмысқа берген өгей әке отбасымен тұрмайды.

Бағдарламада отбасы туралы да ақпарат берілген. Әйелдің төрт баласы бар. Баспанасы жұпыны, көмірді де қарызға алып жағып отыр. Ал өгей әкенің өзге әйелдері мен бірнеше баласы бар екені айтылған. 

评论