Назарбаевтың жиен немересі рухани жоба бастады

227
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sNwHW1PtBHqtMbh8uqthG4nR7AxvPNbvdiFvtt6w.jpg

Қазақстандық бизнесмен, бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Нұрәлі Әлиев рухани даму мен білім беру бағытында жаңа бастамаға шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлиев Instagram парақшасында SPARK OF LIGHT («Өмір Искрасы») жобасының басталғанын жариялады. Жоба аясында ол және басқа «гуру-жетекшілер» адамдарға рухани және білім беру практикаларын жүргізіп, сананы арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізеді.

Ұйымның ресми сайтында көрсетілгендей, басты мақсат – адамдарға өздерінің шын мәніндегі болмысын сезінуге және өмірлік жолын саналы түрде таңдауға көмектесу.

Сайтта атап өтілгендей, қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде (кейде оны 3D-тен 5D-саналық деңгейге өту деп сипаттайды) Нұрәлінің миссиясы – адамдарға жоғары мақсатқа жетуге көмектесетін құралдар мен тәжірибе ұсыну.

Сонымен қатар, Әлиев өз әлеуметтік желілерінде психоделиктердің рухани даму мен сананы арттырудағы пайдасы туралы бірнеше рет жазған.

评论