Бауыржан Момышұлының келіні мен немересіне Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды

558
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wp92GjZL5wsnQupKMvXEwFXy5n215EFsxLkB2cqM.jpg

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент атынан «Халық қаһарманы» Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова мен немересі Ержан Момышұлына Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

2025 жылдың соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып, Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы тарихи шешім қабылдаған еді.

Салтанатта шарада мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Бауыржан Момышұлының батырлықтың символына айналғанын атап өтті. 

«Халқымыз Бауыржан Момышұлын әрдайым батыр деп біледі, қаһарман деп қастерлейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл жолғы шешімі халықтың оған деген ыстық ықыласын одан әрі арттыра түсті. Ең бастысы, көптен күткен тарихи әділдік қалпына келтірілді»,– деді ол.

 

评论