2026 жылы Қазақстанда қандай халықаралық әуе рейстері ашылады?

424
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ETwe1FWX253TFMUVXEK0kSXS3D2nvwylN1r339Zk.webp

2026 жылы Қазақстанның әуе компаниялары тоғыз жаңа ұшақ сатып алмақ. Бұл туралы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жыл соңына дейін әуе компаниялары 9 жаңа әуе кемесін сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл әуе паркін шамамен 118 бірлікке дейін ұлғайтып, әуе тасымалдарының өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Өңірлердің көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету және туризмді дамыту мақсатында әлеуметтік маңызы бар 23 әуе бағыты бойынша субсидиялау бағдарламасы жалғасын табады»,-деді ол.

Сонымен қатар халықаралық әуе қатынасын дамыту жұмыстары жалғасады. Халықаралық жаңа әуе бағыттарын ашу және бұрын тоқтатылған рейстерді жандандыру, сондай-ақ қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру жоспарланып отыр.

Бағыттар желісін Орталық Азия мен ТМД елдеріне, сондай-ақ Таяу Шығыс, Еуропа және Азия мемлекеттеріне кеңейту көзделген. Атап айтқанда, Вена, Токио, Рим, Абу-Даби, Әр-Рияд, Даммам, Ларнака, Амман, Сиань, Шанхай, Үрімші, Қашғар, Варшава және басқа да бағыттар бойынша рейстер ашу жоспарлануда.

Одан бөлек, еліміздің ірі авиациялық тораптарында инфрақұрылымдық жобалар кешенін іске асыру жоспарланып отыр.

«Атап айтқанда, Астана және Шымкент әуежайларында екінші ұшу-қону жолақтарының құрылысы басталады, Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалы қайта жаңғыртылады, сондай-ақ Ақтау әуежайының перронына күрделі жөндеу жүргізіледі»,-деді Салтанат Томпиева.

评论