Таразда Жаңа жыл түні екі бірдей өрт тіркеліп, 200-ге жуық адам эвакуацияланды

725
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JPTdidoWEBrposZgX8OCPi5lz2bshQlbxwJqf20w.jpg

Таразда Жаңа жыл түні екі бірдей өрт болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

31 желтоқсан күні сағат 22:18-де бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы қылтимада өрт шығып, кейін өрт ғимараттың бүкіл шатыр аумағына таралған. Оқиға орнына өрттің жоғары шақырту бойынша күштер мен құралдар жедел түрде жіберілген. Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте шатырдың толық ашық жануы байқалған.

Жамбыл облысының ТЖД күштерімен 100 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланған. Өрт 00:13-те алдын ала 900 шаршы метр аумақта толық сөндірілген.

Одан бөлек, Жаңа жыл түні Жамбыл даңғылы бойында екі қабатты ресторан ғимаратына жапсарлас салынған жаздық алаңша өртенген.

Оқиға орнына жедел жеткен Жамбыл облысының ТЖД күштері мейрамханадан шамамен 100 адамды эвакуациялаған. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің мейрамхананың негізгі ғимаратына және жанында орналасқан жанармай құю бекетіне таралуына жол берілген жоқ.

Өрт 300 шаршы метр алаңда сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

评论