Жаңа жылдық арман. Бибісара Асаубаева жеңісі туралы айтты

100
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LY56aVOTzYCYmmbLDRJgI6wRT5xzWkfOBEL5nd0l.jpg

Блиц-шахматтан әлем чемпионатында үшінші рет алтын жүлде иеленген Асаубаева сұхбат берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengri Sport-қа сілтеп.

31 желтоқсанға қараған түні Катарда өткен финалда қазақстандық шахматшы Украина өкілі Анна Музычукпен кездесіп, шешуші партияда жеңіске жетті. Финалдағы алғашқы үш партия тең аяқталып, төртінші ойында Асаубаева басым түскен.

Жеңісінен кейін Халықаралық шахмат федерациясына берген сұхбатында Бибисара бұл жетістігін жаңа жылдық арманның орындалуымен салыстырды.

«Иә, бұл керемет сезім! Жаңа жылға тілеген барлық арманым орындалғандай. Іріктеуден кейін қысым азайды, себебі ол менің басты мақсатым еді. Дегенмен үшінші титулды да жеңіп алғым келді. Мен үшін ең жағымдысы – осы атақ. Финалда қатты шаршадым, әрі үміткерлер турниріне іріктеу де көп күш алды», – деді ол.

 

评论