Мәскеуде AZAL ұшағы ісінің тоқтатылуы Бакуде күмән туғызды

171
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/d0EqlLNVjtFgddEQCEv2ya4kUPNvZANZJIXNFYc0.webp

Ресей Федерациясының тергеу комитеті AZAL әуе компаниясының ұшағына қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдауына қатысты Әзербайжан пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Әзербайжанның сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов жыл қорытындысы бойынша СІМ есебінің таныстырылымы кезінде журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Ресейдің тергеу комитеті AZAL ұшағының апатына байланысты тергеу барысы жөнінде Әзербайжанға ресми хат жолдаған. «Хатта бізді қатты таңғалдырған жайттар болды. Ең басты мәселе – қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы ақпараттың көрсетілуі. Әрине, мұндай шешім бізде өте маңызды сұрақтар тудырады. Осыған байланысты тиісті ведомство тарапына сұрау салынды», – деді Байрамов.

Сыртқы істер министрі Әзербайжанның басты күткені – ресейлік тараптың өз міндеттемелерін толық орындауы екенін атап өтті. «Кеше ұшақ апатының жылдығы болды. Осы қайғылы оқиғадан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына тағы да көңіл айтамын. Ұшақтың атып түсірілгені белгілі бір уақыт өткен соң Ресей тарапы тарапынан мойындалып, өтемақы төлеу туралы мәлімдеме жасалды. Бұл өте маңызды қадам болды. Біздің күткеніміз – осы үдерістің толық жүзеге асырылуы», – деді ол.

Айта кетейік, апаттың жылдығында Қазақстан тарапы тексерістердің аралық қорытындысын жариялаған. Ендігіде Әзербайжан тарапы келесі кезеңде қазақстандық тарапы соңғы қорытынды есеп мәтінін қоғамға ұсынуы тиіс деп есептейді. Бұл аяқталған тергеудің нәтижелерін көрсетеді. Қорытынды есепте тергеу барысында анықталған барлық фактілерді қамтуы, апаттың себептерін талдауы және болашақта осындай апаттардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілуі қажет деп есептейді Баку тарапы.

Айта кетейік, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау қаласы маңында Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағы (тіркеу нөмірі 4K-AZ65) апатқа ұшырады. Ұшақ Баку (Әзербайжан) – Грозный (Ресей) бағыты бойынша ұшып келе жатып, қонатын тұста белгісіз жағдайға ұшырап, Каспийдің екінші жағасындағы Қазақстан жеріне ұшып жеткен.

Апат салдарынан барлығы 38 адам қаза тауып, оның ішінде 3 экипаж мүшесі бар, ал 29 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

评论