Сот шешіміне қарамастан. Сталинге арналған ескерткіш орнында қалатын болды

69
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2kBafTUQnQ91dnQrwSnKIUz4lfXDDFRhd4Jpn2dm.png

Ресейдің Вологда қаласында Сталинге арналған даулы ескерткішті қалдыру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігіне Вологда мемлекеттік музей-қорығының бас директоры Юлия Евсеева мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Оның айтуынша, мемориалды орнату туралы келісімшартты Солтүстік-Батыс округінің Арбитраждық соты жарамсыз деп танығанына қарамастан, ескерткішті алып тастау жөнінде шешім қабылданбаған. Евсеева сот шешімі толық орындалғанын, ескерткіш тұрғызуға бөлінген қаражаттың қайтарылғанын атап өтті.

Бас директордың сөзінше, мүсін бастапқыда кері қайтарылған, алайда қазіргі уақытта ол музейдің қозғалмалы мүлікке қатысты келісімшарт негізінде өтеусіз пайдалануға алынған.

Осылайша, генералиссимусқа арналған ескерткіш өз орнында қала береді, деп сендірді Юлия Евсеева.

评论
其他材料