Баукеңнің өзі атақ-даңқ!

159
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/egpLEas71uvpoXVBCK3aigVAVq6x6SrG5HeAJGX0.jpg

Дұрыс емес. Баукеңе “задним числом” ешқандай атақ керек емес. Назарбаевтың оған Советтер Одағының батыры атағын әперуі де, Тоқаевтың Халық қаһарманын беруі де орынсыз. 2-дүниежүзілік соғыстың біткеніне 80 жыл өтті.

Баукеңе ешқандай үкіметтік атақ керек емес. Халықтың бағасы бұл атақтың бәрінен үлкен.

Қайта үкімет Баукеңнің атындағы атақ белгілеуі керек.

Мысалыға, “Кенесары” деген ең үлкен атақтың бірін ұлт-азаттық күрестің белсенділері мен батырларына беру керек. “Абай” ордені мен атағын ұлы қаламгерлер мен ғалымдарға, “Әлихан” ордені мен атағын елге еңбегі сіңген ерлер мен ірі қоғам қайраткерлеріне, “Бауыржан” ордені мен атағын әскери саланың батырлары мен патриоттарға берсе керемет емес пе?!

Назарбаев пен Тоқаевтың бұл шешімдері ел ішінде алауыздық туғызады. “Неге Абайға атақ бермейсіңдер?”, “Неге Құрманғазыға бермейсіңдер?” немесе “Неге біздің Сәтпаевқа бермейді?” деген дау туады.

Қорыта айтсақ, Баукеңдей ұлы тұлғаларға ол өлген соң елу жылдан кейін атақ беру дұрыс емес. Баукеңе үкіметтің атағы керек емес, оның өзі атақ-даңқ!

Үкімет өзгеріп тұрады, халықтың құрметі тұрақты.

评论