120 жыл бұрын. Оралда қазақтың алғашқы саяси партиясын құру туралы шешім қабылданған

89
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GT8Y1GGwBKpEos8YLuVRHebsQvtmnzdD0M0vz0NK.jpg

1905 жылдың желтоқсан айында Орал қаласында қазақ халқының бес облысынан келген делегаттардың съезі өтті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

120 жыл бұрын өткен жиын қазақ қоғамының саяси тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі ретінде бағаланады.

Аталған жиында «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» құру туралы жарияланып, бұл ұйым кейіннен ұлттық-азаттық бағыттағы «Алаш» партиясының қалыптасуына негіз болды. 

Қазақстанның бес облысының өкілдері қатысқан съезде қазақ халқының саяси құқықтары, жер мәселесі, ұлттық мүддені қорғау және басқару жүйесіне қатысу сынды өзекті тақырыптар көтерілген.

 Әлихан Бөкейхан, Жанша Сейдалин, Міржақып Дулатов, Бақытжан Қаратаев, Барлыбек Сыртанов сынды тұлғалар қатысқан.

Жиында «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» құру мәселесі қаралып, жыл соңында Оралдағы құрылтайда қабылданған партия бағдарламасын заңгер Бақытжан Қаратаев дайындаған.

Тарихшылардың пікірінше, бұл съезд кейіннен қалыптасқан Алаш қозғалысының идеялық және саяси негізін қалады. 

评论
其他材料