Дзюдодан спорттық маусым аяқталды. Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынов маусымды әлемдік рейтингтің көшбасшысы ретінде аяқтады. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Жыл соңында қазақстандық спортшының еншісінде 5096 ұпай бар. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде рейтингтің бірінші сатысында тұр.
Өкінішке қарай, басқа қазақстандық дзюдошылардың ешқайсысы үздік ондыққа ене алмады. Дегенмен Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) пен Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) бұл межеге жақын болған еді. Екеуі де 14-орында тұр.
Айта кетейік, биыл Әбиба Әбужақынова Венгрияның Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.