10 айдан соң. Баялиев Президент әкімшілігіндегі қызметінен де босатылды

432
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6tVPv6IP5PpVkaxXkTvyvVcGPLjdorvQRHLH19OF.webp

Рустам Баялиев Президент Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды»,-делінген хабарламада.

Ол бұл қызметке 2025 жылдың ақпан айында тағайындалған еді. Ол одан алдын аз ғана уақыт Президент іс басқарушысының орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетейік, Рустам Баялиев 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "халықаралық журналист" мамандығымен тәмамдаған. Мемлекеттік басқару академиясын, халықаралық журналист, экономика бакалавры, экономика магистрі. Еңбек жолын Қаржы министрлігінде Мемлекеттік салық комитетінің маманы болып бастаған. Әр жылдары Қаржы министрінің көмекшісі – департамент хатшылығының меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, Индустрия және сауда министрлігінде департамент директоры, комитет төрағасының орынбасары, Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы, «Астанаэнергосервис» АҚ басқарма төрағасы, Алматы облысының ат спорты федерациясының басшысы қызметін атқарған.

 

 

评论
其他材料