Қобилжонның қазасы. Қазақстандықтар көңіл білдірді

139
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PBAT0x5mmBGDYc27aIQgkxjprIERzgiKFtZu34Hk.jpg

Астанада қазақстандықтар Тәжікстан елшілігінің алдына гүлдер мен балалар ойыншықтарын қойып, ұлынан айырылған отбасыға көңіл айтуда, деп хабарлайды "Адырна".

Мұндай қадамға 16 желтоқсанда Мәскеу облысында болған қайғылы оқиға себеп болған. Онда мектеп оқушысы пышақпен тәжік отбасынан шыққан 10 жастағы Қобилжонды пышақтап өлтірген.

Қазақстан тұрғындары марқұм баланың жақындарына қолдау білдіріп, оның рухына тағзым ету мақсатында елшілікке келуді ұйғарған. Бұл бастама әлеуметтік желілерде, атап айтқанда Threads платформасында көтерілген. Елшілік алдына жиналуға шақырған жазба 10 мыңға жуық лайк жинаған.

«Бала қаза тапты. Анасы жалғыз қалды. Бұл өте қорқынышты. Threads-тің күшіне сенемін. Әр елдегі Тәжікстан елшілігіне барып, баланың рухына тағзым етейік. Репост сұраймын», — деп жазды mirazhaxylyk есімді қолданушы.

Қазіргі таңда Тәжікстан елшілігі жағдайға кедергі келтірмей, тек бақылап отыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде.

 

评论