Ақтөбеде шетелдіктер мінген автобус аударылып, 5 адам мерт болды

155
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LhbNRJpt9KUZRz2YUlX7oTmvU5YgWpP071lliUIL.jpg

Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып, 5 адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық ПД жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы кеше, 7 желтоқсанда сағат 08:40 шамасында Самара-Шымкент тасжолында болған. Жүргізуші Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай бағыт алған кезде Әйтекеби ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында аударылған.

Автобуста Өзбекстанның 49 азаматы болған. Оқиға салдарынан 5 жолаушы көз жұмып, 11 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған, жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр. 

评论