Президент Тоқаев Палестина басшысын Қазақстанға шақырды

199
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CUiYTMkecp9mAal0n1ODTgeSocE1WWx6ulTMJ4XA.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина мемлекетінің жоғары судьясын қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Палестина мемлекетінің жоғары судьясы, президенттің дін істері жөніндегі кеңесшісі Махмұд әл-Хаббашты Қазақстан Президенті қабылдады.

Кездесу барысында Президент дипломатиялық қарым-қатынас орнаған уақыттан бері Қазақстан мен Палестина арасындағы ынтымақтастық достық, өзара құрмет пен қолдау рухында дамып келе жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Палестинаны халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде тануға бағытталған бастамаларды тұрақты түрде қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы жағдайды БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сай дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігін және «екі халық үшін – екі мемлекет» қағидаты негізінде Палестина мемлекетін құруды жақтайтынын мәлімдеді.

Кездесу барысында Махмұд әл-Хаббаш Палестина Президенті Махмұд Аббастың Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған хатын табыстап, Қазақстанның Палестина халқына көрсетіп отырған тұрақты қолдауы үшін алғыс білдірді. 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Палестина президенті Махмұд Аббасқа ізгі сәлемін жолдап, оны Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

评论
其他材料