Ұлдана Мырзуанның жұбайы жүрек елжірететін жазба жариялады

608
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CSt2h36bD1Ff5HCj7W8ikfKZYArqluSlXdX4Dzf9.webp

Астанада жедел жәрдем қызметін атқару кезінде үстіне көпқабатты үйден кондиционер құлап көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы Әділет Зейнел жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол барша қазақ халқына алғыс айтты.

«Ешқандай медаль да, ешқандай сөз де менің жүрегімнің иесін маған қайтара алмайды. Үйіме нұр, құт және береке әкелген, Алла қосқан адал жарымның тілеуін тілеген бүкіл қазақ еліне алғысым шексіз. Осы уақытқа дейін Алладан жүрегімді аман алып қалуын сұрап, қасында болып, дұға еттім. Сабыр сақтап, бәрін сабырға салдым. Ендігі тілегім соттың әділ өтуі, тергеудің таза жүргізілуі. Құдай қосқан қосағымның жаны тыныш болуы үшін бұл істі соңына дейін жеткізуім керек. Жауаптылар жазасын алуы тиіс!»– деді ол.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанды «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаған болатын.

评论