Каспий түбінен кабель төсеу келесі жылы басталады

788
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rQ63wJGVA8uer9tOCriJOvV3A9J4bmpJfBwLg4iB.webp

Қазақстан мен Әзербайжанды байланыстыратын оптикалық-талшықты кабельді Каспий теңізінің түбі арқылы жүргізу жұмыстары келесі жылдың жазында басталады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report-қа сілтеп.

Бұл туралы Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрінің орынбасары Самеддин Асадов мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта кабель төселетін Каспий теңізі түбінің бағыты бойынша талдау жұмыстары аяқталды. Жақын күндері осы жұмысты атқарып жатқан компания операторлар мен жоба қатысушыларына толық есеп ұсынады. Сондай-ақ Каспий түбі арқылы тартылатын оптикалық-талшықты кабельді өндіру басталды. Оның өндірісі 2026 жылдың жазында аяқталады», — деді Асадов.

Вице-министрдің айтуынша, бұл инфрақұрылымдық жоба аймақтық цифрлық дәліздің маңызды бөлігі саналады.

«Министрлік жоба операторларына қолдау көрсетуді жалғастырып жатыр. Бұл байланыс желісінің іске қосылуы жақын болашақта біздің елдің аймақтағы ІТ және жасанды интеллект саласындағы хабқа айналуына елеулі үлес қосады», — деді ол.

评论