Лондондағы қолтаңба. Димаш қолдаушыларының ықыласына бөленді

883
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pMR5a0kBLuAU0HIb19MIl0VPRc9u3Wl67xjawiHk.webp

Лондонда әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты жеке туры аясындағы концерті өтті. Қазақстан әнұраны алғаш рет әйгілі OVO Arena Wembley сахнасында шырқалды, деп хабарлайды «Адырна».

Концерттен кейін Димаштың жанкүйерлері ерекше эмоцияға бөленіп, оны шығарып салуға қонақүй алдына ағылып келді. Фанаттар сүйікті әртісінің көлігін жан-жақтан қоршап алған. Әншінің өз парақшасына жариялаған видеода көрінгендей, Димаш жұрттың ыстық ықыласын қабыл алып, көліктен шығып, тіпті көліктің төбесіне тұрып жанкүйерлерге қолтаңба берді және олармен суретке түсті.

Осы сәтте жиналған халық хормен оның танымал «Ұмытылмас күн» әнін орындап, ерекше атмосфера қалыптастырған.

Әншінің айтуынша, видео концерттен кейін қонақүй алдында түсірілген.

 «Барлығына алғыс айту үшін көліктің төбесіне шығуға тура келді», деп жазды Димаш видеосына.

OVO Arena Wembley сахнасында Қазақстан әнұранының шырқалуы  қазақстандық өнер үшін тарихи сәт.

评论