Бивол ісі. Қазақстан Ресеймен байланыс орнатты

699
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LKK1euRhDT0vrB6NQhDydOxZqhYJEjrrRzQm7ltW.webp

Қазақстан Ресеймен белгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға іздеу салу ісі бойынша байланыс орнатты. Бұл туралы бүгін, 13 қарашада Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Тергеу жалғасып жатыр. Халықаралық іздеу жарияланды. Сырттай қамауға алу туралы шешім қабылданды. Біз Ресей Федерациясының полиция қызметкерлерімен байланыстамыз. Егер Биволдың жұбайы ұсталған жағдайда, Бас прокуратура арқылы ақпарат аламыз немесе экстрадиция мәселесін шешеміз»,-деді ол.

Еске салайық, 27 қазанда Қырғызстан соты боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелін ұлтаралық араздық қоздырды деген айыппен қамауға алу туралы шешім шығарған еді. Ал 31қазанда Қазақстанның ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға іздеу жариялаған.  Тергеу дерегінше, Екатерина Бивол әлеуметтік желіде қазақ және қырғыз халқын қорлап, балағат сөздер айтқан. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

评论