TikTok: Қазақстанда 1,4 миллионнан астам бейнеролик жойылды

961
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nFO6OlatBt0yjTqhvkAnOUX05VD2hPNKgsKsfFsm.jpg

TikTok 2025 жылдың екінші тоқсанында қазақстандық қолданушылардың 1,4 миллионнан астам бейнеролигін жойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жойылған контенттің 99,1 пайызы проактивті түрде, яғни пайдаланушылар шағымданбай тұрып анықталған. Ал 96,7 пайызы жарияланғаннан кейінгі алғашқы 24 сағат ішіндежойылған. Бұл көрсеткіш — әлемдік орташа деңгейден жоғары.

TikTok қауымдастық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істейтін модерация жүйесін және әлемнің түкпір-түкпірінде еңбек ететін кәсіби сарапшылардың тәжірибесін пайдаланады. Платформа заманауи технологиялар арқылы балалар мен жасөспірімдерге арналған қауіпсіз және шығармашылық орта құруды көздейді.

Әлем бойынша 2025 жылдың екінші тоқсанында 190 миллионнан астам бейнероликер ережебұзушылық үшін жойылған. Оның 99,1 пайызы — проактивті түрде, ал 94,4 пайызы — жарияланғаннан кейінгі бір тәулік ішінде өшірілген.

Сонымен қатар TikTok тікелей эфирлердің қауіпсіздігін күшейтіп, монетизация ережелерін бұзған контентке қарсы шараларды арттырған. 2025 жылдың екінші тоқсанында бүкіл әлем бойынша 2,3 миллионнан астам эфир мен 1 миллионнан астам эфир авторына ескерту мен демонетизация шаралары қолданылған.

Компания мәліметінше, бұл көрсеткіштер TikTok модерация жүйесінің тиімділігін және контент қауіпсіздігіне бағытталған жаңа шаралардың нәтижелілігін дәлелдейді. Платформа алдағы уақытта да тікелей эфирлердің қауіпсіздігі мен ашықтығы жөнінде есептерді тұрақты түрде жариялауды жалғастырады.

评论