Ғарышкерлер ауылға қайта алмай жатыр

848
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/altPla4TbiIR372drvFESBmScXKVl5n1GpAIJwlt.jpg

Қытайдың «Shenzhou-20» ғарыш кемесі ғарыштық қоқыспен соқтығысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Салдарынан кеме корпусында терең ойық пайда болған. Осыған байланысты ғарышкерлердің Жерге оралуы уақытша кейінге шегерілді.

Ақпаратқа сәйкес, кеменің зақымдануы оның қауіпсіз қонуына кедергі келтіруі мүмкін. Қазір инженерлер зақым көлемін және мүмкін болатын техникалық ақауларды анықтап жатыр.

Үш қытайлық астронавт сәуір айынан бері «Тяньгун» орбиталық станциясында ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді.

Олар ғарышта ашық кеңістікке шығу, тәжірибелер жасау және ұзақмерзімді салмақсыздық жағдайында өмір сүру бойынша миссияларын орындауда.

评论
其他材料