Анджелина Джоли Украинаға ескертпей барды

1255
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NOhOqDKrLxCTyFzAagRxwPsXVGrAwatxruFEppT8.jpg

Танымал Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли Украина қарулы күштерінің бақылауындағы Херсон қаласына барды. Бұл туралы «Страна.ua» басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, актриса Украинаға гуманитарлық миссиямен келген. Ол медициналық мекемелерге барып, қоғамдық ұйым өкілдерімен кездескен. Сондай-ақ әлеуметтік желіде Джолидің украиналық балалармен әңгімелесіп отырған сәті таспалаған сурет те тараған.

Херсонға бара жатқан жолда актриса Николаевтағы әскери жинақтау және әлеуметтік қолдау орталығына соққан. Украиналық «Политика Страны» басылымы мен Одессадағы Telegram-арналардың хабарлауынша, жол үстінде оның күзетшісін тоқтатып, әскери қызметке жарамды екенін анықтаған. Алайда бұл оқиғаға актриса да, ресми органдар да нақты түсініктеме бермеді.

Еске сала кетейік, Анджелина Джоли Украинаға бұған дейін 2022 жылдың мамыр айында да келген еді.

评论