Қарағандыда бір тоннадан астам прекурсор мен 52 келі есірткі тәркіленді

687
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hYgrx5JTGvEA3EDJai3gZBAsvRrIrzMofZWDZYua.jpg

Қарағанды облысында полиция есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«5 қарашада Сортировка кентінде кең ауқымды арнайы операция өтті. Операция барысында жасы 28 бен 30 аралығындағы екі облыс тұрғыны синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхана ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды»,–деп түсіндірді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тінту кезінде тәртіп сақшылары жалдамалы үйден бір тоннадан астам прекурсор мен 52 келіден астам дайын есірткі заты — Альфа-PVP затын тәркілекен. Сонымен қатар есірткі өндіруге арналған құрал-жабдықтар анықталып, айғақ зат ретінде алынған.

«Операция нәтижесінде шамамен 173 мың доза синтетикалық есірткінің қара нарыққа түсуінің жолы кесілді. Сондай-ақ азаматтар арасынан жаңа “курьерлер” мен жасырын таратушылардың қылмыстық іске тартылуына жол берілмеді»,–деді Қарағанды облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ғалымжан Бекболатов.

Алдын ала тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер үйді зертхана ашу мақсатында жалдап, психотроптық заттарды куратордың нұсқауымен дайындаған. Ал еңбекақылары криптовалюта түрінде төленіп отырған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

评论
其他材料