Итбалықтардың да иммунитеті әлсірей ме?

793
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5A0D0Jd00huCUiB7qYFiVTTz1VrhPWfrmNgtG6pw.webp

3 қарашада мониторинг нәтижесінде 112 итбалықтың өлексесі анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Жайық–Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы аумағындағы Каспий теңізі жағалауында мониторинг жүргізу кезінде итбалықтардың өлексесін тапқан.

Гидробиология және экология институтының хабарлауынша, итбалықтардың өлекселері әбден шіріп кеткен. Алдын ала болжам бойынша, жануарлар шамамен бір ай бұрын қырылған болуы мүмкін. Дауылды желдің әсерінен өлекселер енді ғана Түпқараған жағалауына шығып қалған.

Мамандар итбалықтардың қырылуына иммунитеттің әлсіреуі және инфекциялық ауруларға бейімделгіштіктің артуы себеп болуы ықтимал екенін айтады.

«Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде Каспий итбалығын зерттеумен айналысатын ғылыми ұйым мамандары итбалық өлекселерінен сынама алып, зерттеу жүргізіп жатыр», — делінген институттың хабарламасында.

Барлық өлекселер санитарлық талаптарға сай жиналып, жойылғаны туралы ақпарат тарады. Қазір Каспий теңізі жағалауын бақылау және зерттеу жұмыстары жалғасуда.

评论