Шенеуніктің өзіне оқ атып, қаза тапқаны туралы ақпарат тарады

924
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uZ4z0Wm2xMPY7WtAWYumfNLFOtUTDamGGOVlFjAj.webp

Атырау облысында 36 жастағы шенеунік өзін өлтірген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Құрманғазы ауданында жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қуаныш Имашев өзіне қол жұмсады. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол отбасылық жанжалдан кейін аңшы мылтығымен өз-өзіне оқ атқан.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

Ведомствоның мәліметінше, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің “Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” бабымен сотқа дейінгі тергеу басталған.

“Құрманғазы ауданында болған суицид фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізілуде”, — делінген полицияның ресми хабарламасында.
Атырау облысы әкімдігі бұл оқиғаға байланысты пікір білдіруден бас тартты.

评论