Италияда Абай Құнанбайұлына ескерткіш-бюст орнатылды

1214
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xQqqra0T2nrW7zT4Pc3dP1oUwxkrDPg0JHxsiza3.jpg

Римде Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Вилла Грациоли саябағында қазақ халқының ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының бюсті салтанатты түрде ашылды.

Іс-шараға ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстанның Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Сембаев пен Италияның мәдениет және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген Аида Балаева Абай Құнанбайұлының мұрасы қазақ халқының рухани дамуы мен адамзаттық құндылықтарға үндейтін кемел жолбасшы екенін атап өтті.

«Абайдың шығармаларындағы басты идея – адамгершілік, әділдік, білім мен еңбек арқылы ізгілікке үндеу. Рим қаласында Абай бейнесінің орнатылуы – мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы рухани көпірдің белгісі», – деді министр.

Сондай-ақ министр екі ел арасындағы ынтымақтастықтың соңғы жылдары ерекше серпін алғанын атап өтті.

评论