Макронның әйелін ер адам деп атағандарға қатысты сот процесі басталды

1332
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mcEpEnoRx488Qj6puP7nngXuabIx38gmUBlK14xQ.webp

Парижде Франция президентінің жұбайы Бриджит Макронға қатысты интернеттегі қорлау ісі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Он айыпталушы «Брижит Макрон ер адам болып дүниеге келген» деген жалған ақпарат таратты деп айыпталып отыр. Сондай-ақ олар 72 жастағы Бриджит пен 47 жастағы Эммануэль Макронның арасындағы 24 жылдық жас айырмашылығына байланысты айтылған жала сөздер үшін де жауапқа тартылып жатыр.

Брижит Макронның адвокаты оның алғашқы сот отырысына қатыспағанын және болашақта да сотқа келуді жоспарламайтынын мәлімдеді. Ал сейсенбі күні оның қызы Тиффани Озье куәлік беруі мүмкін.

Айыпталушылардың арасында сайланбалы қызмет атқаратын шенеунік, галерея иесі, мұғалім мен балгерлер бар.

Сонымен қатар өзін тәуелсіз журналист деп атайтын Натача Рей есімді айыпталушы да бар. Ол бұған дейін де Брижит Макронға жала жапты деген айыппен сотталған болатын.

Еске салайық, шілде айында Франция президенті Эммануэль Макрон мен зайыбы Брижит Макрон блогер Кэндис Оуэнске қарсы жала жабу туралы сотқа арыз берген еді.

评论